АҚШ пен Түркия президенттері Дональд Трамп пен Режеп Ердоған қарашаның 24-і күні телефонмен сөйлесіп, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы бірлесіп қарсы тұруға келіскен.

Түркия президенті әкімшілігі екі мемлекеттің басшылары сонымен бірге «Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы мен Фетхулла Гүленнің жақтастарына қарсы іс-қимылдар жайлы келісті» деп хабарлады. Президент Трамп әкімшілігінің хабарламасына бұл туралы еш нәрсе айтылмаған. Ақ үй екі тарап Түркияға қару-жарақ сату мүмкіндігін талқылады деп мәлімдеген.

Түрік діни қайраткері Фетхулла Гүлен 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатыр. Анкара оны «мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды» деп айыптап, АҚШ-тан экстрадициялауды талап етіп келеді. Америка айыптауға жеткілікті дәлелдің жоқ екенін алға тартып, Гүленді беруден бас тартқан.

Қазан айында АҚШ пен Түркия арасында дипломатиялық жанжал шыққан. Екі тарап бір-бірін сынған кезде өзге жайттармен бірге Вашингтонның Сириядағы күрдтерге қолдау танытуы, НАТО-ға мүше Түркияның ресейлік зениттік зымыран кешенін сатып алуы да айтылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.