Мемлекет басшы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Нұрлы жер» бағдарламасын Қостанайлық шенеуніктер бизнеске айналдырған. Облыс әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ қарамағындағылардың дәл президент бағдарламасын май шелпекке айналдырғаны жөн болмады. 

Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатқан.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі  Нұржан ЖАХИННІҢ айтуынша, облыстық және қалалық әкімшіліктің қызметкерлері 30 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Күдіктілер  қылмыстық сxемамен жұмыс істеген. Олар — Қостанай қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Болат ЖҮНІСОВ, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Жасұлан ҚҰЛАНБАЕВ. Олар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында кәсіпкерлерге заңсыз көмек көрсеткен.Сот санкциясы бойынша Жүнісов және Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып кеткен.

Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.