Ресей президенті Владимир Путин «шетел агенті» — бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға қойды. Құқықтық ақпарат ресми порталына қойылған заң күшіне енген. ЕНді шетелден қаржылай көмек алған БАҚ «шетел агенті» ретінде танылуы мүмкін. 

Заң жобасы 15 қарашада Мемлекеттік думада бір ауыздан қабылданған. Бір ауыздан соң Федерация кеңесі бұл заң жобасын қабылдағанда бір депут қалыс қалатынын білдіріп дауыс берген.

Ілгеріде Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиа-корпорациясының жобалары «Свобода» радиосы мен  «Настоящее время» телеканалдарына олардың жұмысы шектелуі мүмкін екенін екендігін хабарлаған. Мұндай хатты корпорацияның Ресейдегі басқа да жобалары: «Idel.Реалии» және «Сибирь.Реалии» жобалары да алған. Әділет министрлігінің хатында заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін қандай шаралар қабылданатыны нақты көрсетілмеген.

Сенбі күні Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Том Кент жоба редакциялары қандай шектеулерге ұшырайтыны туралы нақты ақпарат алмайынша, жаңа заңның тиімділігін бағалау мүмкін емес екенін мәлімдеді.

— Біз өзіміздің орыстиілді аудиторияға нақты және объективті ақпарат берудегі журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз, — деді Кент.

Ресейдегі шетел БАҚ-ы жұмысын шектеу шешімі Ресей үкіметі қаржыландыратын RT телеарнасы АҚШ-тағы өз бөлімшесін Америка билігінің қойған «шетел агенті» ретінде тіркелу талабын орындағанын хабарлаған соң қолға алынған. Вашингтон тарабы бірнеш мәрте өздерінің «шетел агенті» туралы заңы Ресейдің заңынан едәуір айырмашлыққа ие екенін және ақпарат еркіндігін шектемейтіндігін мәлімдеген.   

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.