АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстанның жаңа сайланып қызметіне кіріскен президенті Сооронбай Жээнбековті құттықтады.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлаған. Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде Орталық Азиядағы постсоветтік елдер тарихында бұрын-соңды болмаған билікті бейбіт демократиялық жолмен табыстаудың орны айрықша атап көрсетілген.

«Құрама Штаттар Орталық Азия тарихындағы демократия жолымен сайланған басшылар арасында  бірінші рет демократия жолын таңдаған, билікті бейбіт жолмен табыстау мүмкіндігін баянды еткен президент Жээнбеков пен Қырғызстан халқына қошемет білдіреді» делінген мәлімдемеде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атамбаев жаңа президент Жээнбековке батасын берді

Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде АҚШ-тың Қырғызстанның жаңа президентімен «теңдік, сенім және өзара құрмет рухында» ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін ерекше атап көрсеткен.

Сооронбай Жээнбеков 24 қараша күні президент ретінде ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан Ресеймен одақтастықты күшейтетінін, Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытатынын, Орталық Азия елдерімен байланыс «өзара құрмет пен бір-бірінің ісіне килікпеу ұстанымында» дамуы тиіс екенін мәлімдеген. Ал АҚШ және Түркиямен ынтымақтастық жоспарлы түрде дамитындығын айтқан. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.