Шындықты айтатын айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВТЫҢ пікірінше белгілі әнші Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН қытай саясатының құрбаны екен. Бұл туралы ол тележүргізуші Аман ТАСЫҒАННЫҢ TalkLike жабасында берген сұхбатында айтты.

Айтыскер әншіні «Саз әлемі» жобасында неге сынағанын да түсіндіріп берді. Зайытов Димаш Құдайбергеннің сахнадағы образын қытайлар жасап берді деген пікірде екен.

«Талант пен ұлтқа қызмет ететін адамның ара жігін ажыратып алайық. Неге Димаш ән айтқанда мен «бұндай әншілерден қорқам», дедім? Біздің қазақтың онсызда болмысы европаланып бара жатқанда кезде дәл сондай феномен шығатын болса, мен толық білдім, біздің жастар соның артынан еретінін. Ал Димаштың сахналық образын қалыптастырған кім, қай ұлт қалыптастырды? Қытай қалыптастырды ма? Неге қытайлықтар оны шығарды? Біз қытайлар қазақша үйреніп жатыр дейміз. Олар біздің баланы бізге қарсы пайдаланып жатыр. Дәл осылай болатынын мен білгем. Өйткені, ол болған практика. Димаш «Саз әлемінде» жүргенде оны бір адам сол жаққа сүйреді ме? Жарқ етіп шыққанда мақтандық. Біздің министрліктің басы істесе «Славян базарынан» кейін Димашты қазақ операсының паспорты ретінде оны керісінше қою керек еді. Димаш Құдайберген қытай саясатының таза құрбаны», — деді айтысатын ақын.

Сұхбат барысында шындықты ғана айтатын айтыскер билік тарапынан я болмаса жекелеген адамдардан қорқыту немесе отбасына қауіп-қатердің төнбегенін айтты. Тек көліктерін өзінің айтуынша, алабажақ әншілердің жас фанаттары сырып, сызып кетеді екен.

Ұлтым үшін ақиқаттан айнымаймын деген айтыскер өзіне ұнаған билік тарапынан жасалған үш шешімді атап өтті. Олар – Латын әліпбиіне өту, Түркістан облысының пайда болуы және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Соңғы Нобель сыйлығын алған қазақтарды насихаттауға керек екен.  

«100 жаңа есім жобасы ұнайды. Біз қазір эстрада айналасындағы адамдарды ғана танимыз. Басқа салада еңбек етіп жатқан қаншама адамдар бар. Мәселен, ғылымда. Мысалы Нобель сыйлығын алған қазақтар. Соларды неге насихаттамаймыз? Бұл шешім маған ұнады», -деді Ринат Зайытов.  

Алайда, айтыскер мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ала алмай жүрген Нобельді қай қазақ баласы алғанын айтпады. Сондай-ақ, айтыстан Балғынбек ИМАШЕВ, Айнұр ТҰРСЫНБАЕВА, Сара ТОҚТАМЫСОВАНЫҢ неге көрінбей кеткеніне қатысты да өз ойын ортаға салды.

Сұхбаттың толық нұсқасын төменгі сілтемеден көре аласыздар.

Фото: azattyq.org

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.