Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — 2011-2016 жылдар аралығында сумен жабдықтау жүйелерін дамыту мақсатында 1520 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 438,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Парламент тыңдауында мәлімдеді деп жазады министрліктің баспасөз қызметі. 

2012 жылдан 2016 жылға дейін 1 781 ауылда жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, тәулігіне 698,1 мың м3 жерасты суы мемлекеттік балансқа қойылды.

«2017 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тәулігіне  есептегенде 42,9 млн.м3 пайдалану су қоры бар мемлекеттік баланстағы 3273 кен орны бекітілген.

Бұл қорлар жер үсті су көздерімен орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, 18 мың километрден астам желі салынды және қайта жаңартылды. 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта Қазақстан бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік елдімекендерде 42,5%-дан 55,6%-ға дейін және қалаларда 82%-дан 92,9%-ға дейін артты.

«6601 ауылдың 3 671-і немесе 55,6%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған.

Рейтинг бойынша көрсеткіштері ең төмен Павлодар (20,5%), Қостанай (30,5%), Батыс Қазақстан (37,4%), Шығыс Қазақстан (44,2%) облыстары.

Сонымен бірге, ауыл тұрғындарының 80%-дан астамы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған (7,7 млн. Адамнан 6,2 млн адам). Бұл бірінші кезекте халық саны көп ірі елді мекендердің қамтамасыз етілгенін көрсетеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы қосымша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етті.

78,1 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді. Оған 2083,3 км сумен жабдықтау, су тарту желілері салынды және реконструкцияланды»,-деді Жеңіс Қасымбек Парламенттік тыңдалымда.

Таза жерасты суларының негізгі ресурстары (59%) Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік аймағында.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облыстарындағы таза жерасты су ресурстары айтарлықтай шектеулі.

Запись 2011-2016 жылдар аралығында сумен жабдықтау жүйелерін дамыту үшін 438,1 млрд теңге бөлінген впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس