Венаның солтүстігінде 27 желтоқсан күні белгісіз адам католик шіркеуінде монахтарға шабуыл жасап, бес адам жараланды. Бұл туралы Австрия полициясы хабарлады. Жараланғандардың бірінің халі ауыр. Полиция шабуыл жасағандардың монахтарды тонап кеткенін айтады.

Жаралылар мен қол-аяғы байланған монахтарды шабуылдан шамамен бір сағат өткен соң шіркеуге келгендер көрген. Полиция күдіктілердің монахтарды тонамақ болуы мүмкін екенін, шабуылда қатігездік танытқанын айтады.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылардың бірі акцентпен сөйлеген. Оқиғаны көргендердің бірі шабуылдағандардың бірін бірнеше күн бұрын шіркеуден көргенін хабарлады.

Венада күдіктілерді ұстау операциясы басталды. Австриялық БАҚ-тың мәліметінше, күдіктілерді ұстауға терроризмге қарсы құрылымдар жұмылдырылған.

Венада бейсенбі күні Әулие Стефан соборына бомба қойылғаны туралы жасырын хабардан соң соборға келушілерді эвакуациялаған. Бірақ бомба қойылғаны расталған жоқ. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.