Көрнекі сурет

«Қарағанды облысында 1 қаңтар күні жаппай төбелес болып, кісі өлімімен аяқталған. Бұл туралы Zhasalash.kz хабарлайды.

Облыстық ІІБ-на таңғы 4:25 сағат шамасында «Древний Рим» рестораны маңында бір топ адамның жаппай төбелесіп жатқаны жайлы хабарлама түскен.  

Түскен ақпаратты тексеру барысында, аталған нысанның алдында 1995 жылы дүниеге келген Жансейіт РАХЫМЖАН Бақытжанұлының («ШұбаркөлКөмір» АҚ-ның күзетшісі) мәйіті табылды. Төбелес кезінде марқұмның сол жақ бүйіріне пышақ сұғып алған.

Тергеу барысында анықталғаны, сол түні ресторанға 9 адам демалуға келген. Алтауы ер адам, үшеуі әйел. Және осы кісілермен бірге Жансейіттің демалғаны да анықталды. Түнгі сағат 3-тер шамасында жоғарыда аталған топ мүшелері «Древний Рим» ресторанының қожайынымен сөзге келіп қалады. Қожайынның ұлты армян екені айтылуда. Теке тірестің арты төбелеске ұласып, қосымша 3 көлікпен тағы да адамдар жиналған.

Қарағандыда жаппай төбелесте жас жігіт қаза болды
Іздестіріліп жатқан күдіктілер

Куәгерлердің айтуынша, жаппай төбелеске 30-35 адам қатысқан. Көбінің қолында таяқ пен темір шыбықтар болған. Төбелес нәтижесінде, армян ұлтты қожайынның тобынан ешкім ауыр жарақат алмағаны анықталды. Керісінше, тоғыз адамнан құралған бірінші топтан 2 адам пышақтан ауыр жарақат алып, бір адам қайтыс болды.

Қазір тергеу амалдары басталып, аса ауыр қылмыстық іс бойынша күдіктілерді іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Көрнекі фото: rian.com.ua

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.