Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өзімізде өндірілетін және шеттен тасымалданатын азық-түлік тауар түрлеріне сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл туралы селекторлық жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. 

Күн тәртібінде бірінші боп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май бағасын тұрақтандыру шаралары және тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басышысы Б.Құрмансейіт баяндама жасап, өңірде ахуал тұрақты және тауарларға жетіспеушік байқалмайтындығын жеткізді.

«Қазан айында әлеуметтік азық-түлік тауарлары тізбесіндегі 2 тауардың бағасының өсімі байқалады. Мәселен, картоп 17 пайызға яғни, 100 теңгеден 117 теңгеге өскен. Сүзбе 9,4 пайызға яғни, 1408 теңгеден 1541 теңгеге көтерілген. Десек те, қырыққабат 6,8 пайызға төмендеп отыр» — деді Батырхан Құрмансейіт.

Жыл басынан баға өзгерісіне әсер етуші факторлар ретінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 22,1 пайызға, дизель отынының 19,8 пайызға, коммуналдық тарифтер бойынша жылудың 12,2 пайызға, кәріздің 13,3 пайызға, судың 13,3 пайызға, электрэнергиясының 1,3 пайызға қымбаттауы себеп болып отыр.  Ал, қазан айында   бензин АИ-92 маркасының   бағасы 11,4 пайызға, дизель отыны 6,9 пайызға өскен. Өңірдегі ахуалға қаныққан облыс әкімі қазан айындағы облыстағы инфляция деңгейі 6,1 пайызды құрағанын, оның ішінде азық-түлік тауарлары баға өсімі 4,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайыз, ақылы қызметтер 5,8 пайызды құрағанына тоқталды. 

«Біріншіден негізгі 19 тауардың түріне бағаны дұрыстауымыз керек. Барлық басқармалар, аудан, қала әкімдері дайындық жұмыстарын күшейту керек. Екінші мәселе – осы тауар түрлерін өндіргенде сақтау мәселесіне мән беруіміз қажет. Бұл ретте Сайрам ауданындағы сиымдылығы 40 мың тонна қойманы тиімді пайдалануды тапсырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, баға тұрақтандыру мақсатында облыста арнайы штаб құрылып, тиісті іс-шара жоспары бекітілген. Жыл соңына дейін Шымкент қаласында 20 әлеуметтік дүкен ашылады. Сондай-ақ, Қажымұқан атындағы орталық стадион маңынан  үлкен әлеуметтік базар құру мәселесі де қаралып жатыр.

Запись Ж. Түймебаев: Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.