Айтыскер ақын М.ТАЗАБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабековтің бүгінгі қоғам мен билік туралы айтқан пікірі тарады.

Видеода «Асыл арна» арнасының басшысы жемқор әрі парақор адамды әр ата-ана өзі тәрбиелеп шығатынын айтады. Өз отбасында өнеге көрген мемлекеттік қызметшілер 100-150 мың теңгеге адал еңбек етіп жүргенін айтады. Сондай-ақ, ол бұқаралық ақпарат құралдарын да сынға іледі.

«Биліктің қолында халықты бақытты қылатын функция жоқ. Халықты бақытты қылатын функция – оның (халықтың өзінің ред.) пиғылында. Егер халықтың пиғылы жақсы болса, ол жақсы бала тәрбиелеп шығады. Ал ол жақсы бала 20 жылда билікке барады. Әр отбасы жақсы бала тәрбиелеп шығарса, адал қыз тәрбиелеп шығарса, әділетті бала  тәрбиелеп шығарса оны система бұза алмайды. Неге қазір анау ұсталды, мына министр ұсталды деп айтып жатамыз? Себебі ол жамандықтың жарнамасы үлкен. Ал қаншама жақсы адамдар бар ол жерде», — дейді Мұхамеджан Тазабеков.

Тазабековтің айтуынша, билік пен халықтың арасын ажыратып жіберген журналистер екен.

«Күндіз-түні біздің санамызға сен билік жағындасың ба әлде халық жағындасың ба? Ол мынандай нәрсе да, сен маманы жақсы көресің ба, папаны жақсы көресің ба деген сияқты. Неге бала мамасың ғана жақсы көру керек немесе папасың ғана жақсы көру керек? Неге ол екеуің де жақсы көрмейді? Билік пен қауым – ол бір организм. Бірақ ортасынан бір нәзік, көзге көрінбейтін пердемен бөлініп тұрған бір организм. Былайша айтқанда су менен бу секілді», — дейді айтыскер ақын.

Фото: today.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.