2019 жылғы «Жас Алаштың» 1-санына қысқаша шолу.

Басқа басылым немесе телеарналар сияқты Қарағанды оқиғасын айналып өтпедік. Оқиғаның төркіні, салдары, әлеуметтік, саяси, ұлттық, қауіпсіздік және ақпараттық сабағы туралы барынша жаздық.  Оқып баға беріңіз!

«Қазақ үкіметінің Қытайдағы қандастарын қорғайтын кезі жетті»

 Қытайда діни сенімі үшін қудаланып, тұтқындалған, одан АҚШ-қа ауып, отанында діни сенім-нанымы үшін қуғындалған азаматтардың құқығын халықаралық деңгейде қорғап жүрген Боб Фу «Жас Алашқа» эксклюзив сұхбат беріп, Шыңжаңдағы мұсылмандардың шынайы жағдайын баяндайды.

 Бастама: Мемлекетті жаңаша басқарудың бес өзегі

 Академик Оразалы Сәбден қолданыстағы саяси-экономикалық, мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы бұлыңғыр екенін алға тартады. «Ең басты мәселе – Қазақстанға саяси, әлеуметтік-экономикалық заңмен шегеленген тұрақты жүйе жасау керек» деген академик осы жолға жеткізбек «Мемлекетті 5-тік спиральмен жаңаша басқару» жобасын ұсынып отыр.

«Билікке бір өзгермейтін шындықты түсіну керек: бізге керек реформа – ол әдеттегідей тек басқару құрылымдарын өзгерту үшін емес, негізінде ол халықтың игілігі мен қоғамның дамуы үшін жасалуы тиіс».

Тарих: Моңғол қалмақ па?

Мемлекет сыйлығының лауреаты жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы Шыңғыс хан жайында келелі һәм көлемді әңгіме қозғап отыр. Жазушының ойынша, тарихты адастырған әрібіміз – «ң» екен. Ұзақ жылғы ізденістен кейін Шыңғыс хан туралы жазған қорытынды еңбегі бір жағынан танымды, екінші жағынан даулы да болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, қайсы жағы басым екенін оқырман өзі бағамдар.

Әдебиет: «Жас Алаш» ашқан жаңа есім айдарында жазушы Жадыра Шамұратованың қызықты сұхбаты жарияланды. «Жас Алаш» өткізген «Қазақ пен қала» байқауында әділқазылардың байламынша, Жадыра Шамұратова жүлдегерлер қатарынан табылғаны естеріңізде болар.

Ал «Жас толқын» айдарында Ақжол Түменбайдың «Бөлтірік ғұмыр бөрінің аңсар тірлігін…» тақырыбында жыр топтамлары жарық көрді.  Айтпақшы, Жадыра сөз арасында төмендегідей бір сыр айтты(қалғанын сырын газеттен оқыңыздар)):   

Сөз арасындағы сыр

      …Ес біліп қалған кезде әкемнің мені інісінен алып, бауырына басқанын естігенде ішімде әртүрлі сезім болды. Бірақ бәрібір оған жан теңгермейтінмін. Әкем 1923 жылғы еді, ЖОО-ның тарих факультетін бітірген, соғысқа қатысып, жараланып қайтқан. Оны бәрі құрметтейтін. Өмірінің соңы аянышты болды. Отбасындағы, әулеттегі бір жағдайдан соң қатты құлады. Оқушы кезім. Бір көтерілсе, басылуы қиын сырқат еді. Әкемді ауруханаға жатқызуға тура келді. Бұл жағдайда ешкім кінәлі емес еді. Бәріміз де жағдайдың алдында дәрменсіз едік… Бірінші барғанымызда ол қуанды. Қарны ашып қалған екен, апарған тамақты рахаттанып ішті. Екінші  барғанымызда өзін байлап тастағанын айтты. Тамаққа қарамады. Бәрімізге өкпелі көрінді. «Мына қолымды артыма қайырып жіберді» деп, бұрыннан алақаны ішке бүгілген жаралы қолын көрсетті. Сонда тізерлеп отырып айқай салып, еңіреп жылағым келгені есімде. Өйткені әкемді қолынан жетелеп, үйге алып кете алмайтын едім. Оның алдында өзімді нағыз қатыгез, сатқын сезіндім. Арада шамалы уақыт өткенде ол үйге оралды. Бірақ мен әкемнен алыстай бастадым. Бұрынғыдай жарқылдап күліп, ашық-жарқын әңгіме айта алмайтын болдым. Көп ұзамай тағы да төсек тартып қалды. Әкемнің аспанға мағынасыз қарап жататын кезі емес, кейде әлдене туралы қатты ойға кеткен кездері маған сұмдық қорқынышты көрінетін. Не ойлайды екен? Мына дүниенің жалғандығына бас шайқай ма екен? Біресе төрін ұсынып, біресе  табалдырықта қалдыратын аярлығына таңғала ма екен? Ол орнынан тұрып жүре алмайтын, сөйлемейтін де, тек үнсіз жата беретін.  Осының бәрін көріп тұру тым ауыр еді…

Шымкентте тарифтің бақандай 2 (!) теңгеге қалай арзандағаны, отандық медицинаның жарты ғасырға артта қалғаны, биылғы жылы қазақ спорты қалай болмағы және да басқа мақалалар бүгінгі «Жас Алашта».

 

Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

 Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

 

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау

 

терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.