Мектептің бастауыш сыныптарына арналған оқыту бағдарламасындағы ала-құлалықтар туралы айтпағанда, ойын жасындағы қазақ баласы сабақтан тыс не оқып жүргеніне назар аудармайтынымыз рас. Әсіресе, бала санасына, болмысына қажетті оқу құралдары, көркем әдебиетті табудың орны да ойсырап тұр. Осы олқылықтың орнын толтырғындай болып былтырғы жылдың соңына қарай, тәуелсіздік күні қарсаңында Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫНЫҢ «Ілияс пен Заңғардың планшеті» және «Ыбырай атаның әңгімелері» (Ыбырай АЛТЫНСАРИН) атты қос кітап жарық көрді. Кейінгі толқындағы қаламгерлердің бұл туындылары ел назарын аударғандықтан әрі ұрпақтың ұлттық құндылыққа сусап отырғанда шыққандығынан шығар, қазақтілді БАҚ-тар кеңінен таныстырды. Шығарушылардың «Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасындағы сұхбатында айтылғанындай, әр кітаптың бағасы 2 200 теңге, 3 мың данамен таралымға шыққан.

«Патшаң кім?» депутат мырза?..

Осы орайда Ұларбек Нұрғалымұлының БАҚ-тарға берген сұхбатына сүйенсек, қазақ ертегілерінің дені ұзақ болуы қазіргі баланың қызығушылығын оята қоймайды. Әрі күн сайын жаныңнан ертегі құрастырып айта беру де оңай емес. Дегенмен, кітап атына арқау болған ертегі өз қиялынан туған. «Балаларым «Ілияс пен Заңғардың планшеті» ертегісін айтып ем, соны қатты ұнатты» дейді ол «Айқын» газетіне берген сұхбатында. Ал жоба жетекшісі Азамат Битанның айтуынша, кітаптар Мәжіліс депутаты Бекболат ТІЛЕУХАННЫҢ идеялық жоба авторы ретінде қолдауымен жарық көрген. Қаржылай демеушілікті «Нұр Астана құрылыс» мекемесі көрсеткен.

«Ілияс пен Заңғардың планшетін» парақтағанымызда бала қиялын байыту, тегіне, ел-жұртына қатысты танымын дамыту ниетінен туған Заңғар мен Ілиясқа қойылған бірқатар сұрақтардың арасынан «Патшаң кім?» деген сұраққа қарап ойланып қалдық. Жауап бере алмай қалғандықтан емес, осыны бала қалай қабылдайтындығынан. Біріншіден, қазақ ертегілерінің көбі «баяғыда бір хан болыпты» деп басталатыны аян. Қазіргі буын зайырлы, демократиялық мемлекетте өмір сүретіндіктен, мемлекет басшысы патша емес, «президент» деп аталатынын бесіктен белі шықпай жатып жақсы біледі. Қай мектептің табалдырығынан аттаса да Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бейнесін бірінші көретін балаға оны ұстаздары да, ата–ана да «Тұңғыш президент» ретінде таныстыратыны белгілі. Осы тұрғыдан келсек, кітап авторының «Патшаң кім?» дегенінен гөрі «Біздің президентіміз кім?» деп сұрақ қоюы әрі жұмсақ әрі қызықты естілген болар еді. Сол сияқты «Руың қай ел?» деген сұрақ та ерсілеу оқылады. Мектеп жасындағы бала «тәуелсіз ел» туралы жиі еститіндіктен, ру мен елді ажырата алмай шатасуы әбден мүмкін. «Ұрпақ тарап, бір рулы ел болыпты» деген ұғым көнергендіктен, «Шыққан тегің қай ру?» десе ақылға сыйымды болар еді.

«Патшаң кім?» депутат мырза?..

Осы кітаптардың идеялық авторы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан біз келтірген мысалдарды байқамай қалуы мүмкін еместей. Бүтіндей бір елдің заң шығарушы органында отырған, қазақтың ұлттық мүддесін, құндылығы туралы айтуға әрдайым құмартып тұратын депутат өз жобасымен шыққан кітаптағы «Патшаң кім?» деген сұрақ бір жағынан «патшалық Ресейді» еске түсіретінін, маңызы жағынан мәні ескіргенін шынымен білмей ме екен, әлде?..

Фото: facebook.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.