Сириядан таяуда ғана қайтарылған Қазақстанның жеті азаматының үстінен «террорлық әрекеттерге қатысу» бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев Азаттық тілшісінің сұрағына жауабына айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан әскери күштері 5-6 қаңтар күндері Сириядан Қазақстанның 47 азаматын елге жеткізгенін хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, Сириядан қайтарылғандар арасында әйелдер мен 30 бала бар.

Рақымбердиевтің сөзінше, Сириядан қайтарылған балалардың көбінің жасы 5-ке толмаған. Олардың арасында он шақты бала Сирияда туған.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, қайтарылған азаматтар — Алматы, Астана қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының тұрғындары. Олар Сирияға 2012-2015 жылдар аралығында кеткен.

Ашықбаевтың айтуына қарағанда, Сирияда туған балаларға құжат жасауда мәселе болмайды, мұнымен Ішкі істер министрлігі мен жергілікті органдар айналысады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.