Алматы облысында отыз шақты көлік соқтығысып, салдарынан бес адам жараланып ауруханаға түсті. Бұл жайында 10 қаңтар күні Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, ондаған көлік Алматыдан шамамен 20 шақырымда, Алматы — Қапшағай күре жолында соқтығысқан.

«Оқиға орнында жол-патруль қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Бес адам жараланған, барлығы Іле аудандық ауруханасына жатқызылды» делінген департамент таратқан ақпаратта.

Көліктер соқтығысынан және ауа-райы қолайсыз болғандықтан жолда көлік кептілісі туындаған.

10 қаңтар таңертең қалада және қала маңында қалың тұман түсіп, жол көктайғаққа айналған. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, тұманнан Алматы әуежайында бірнеше рейс бөгелген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.