Моңғолияның астанасы Ұланбатырдың орталық алаңында халық бейбіт минитгіге шықты. Бұл туралы Жас Алаш Монғолияның TV 9 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.  
TV 9 телеарнасы facebook.com әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир таратып отыр. Түрлі саяси ұйымдардың өкілдері, жиналған халық өз ойларын еркін білдіруде. Полиция тарапынан қысым, күш көрсету жоқ. Журналисттер де еш кедергісіз ақпарат таратып жатыр. Бұндай бүкілхалықтық ереуіл соңғы рет осындан он бір жыл бұрын болған еді.
facebook.com қолданушысы Қуандық ШАМАЙХАЙҰЛЫНЫҢ жазуынша, жиналған жұрт биліктегі барлық лауазымды қызметте отырғандардың отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

«Ұланбатырдың орталық алаңында ел билігіне қарсы бүкілхалықтық бейбіт митинг өтіп жатыр. Жиналғандар мұны 1990 жылдан кейінгі жасалып жатқан екінші демократиялық революция деп атап жатыр. Басты мақсаты — елдің табиғи байлығынан түсетін табысты халық игілігіне әділ ашық түрде жұмсау, талан-таражыға жол бермеу, заңсыз бизнеске тоқауыл қою, жемқорларға әділ жаза жүктеу, шет инвесторларының жасасқан келісім-шарттарын қайта қарау, әділетсіз жолмен парамен былыққан инвесторларды елден шығару, заң алдында барлық азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету, жемқорлыққа белшесінен батқан билеуші партияны тарату т.с.с.
Оқиғаны Моңғолияның оншақты телеарнасы мен интернет жүйесі тікелей эфир арқылы халыққа ақпарат ретінде тарату үстінде. Баяндама жасағандар заңсыз жолмен байыған олигарх-чиновниктерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр. Олар «біз күткен демократия бұл емес, әділдік үшін қайта оянайық» десіп «Уухай» деген ұранмен партияға бөлінбей жаппай ынтымақтасып, бүкілхалық болып әділдік үшін күресуді мақсат етуде.Митингті ұйымдастырған ел парламентінің 5 мүшесін Президент Баттулга жəне Парламент спикері Энхболд қабылдағанын Моңғол ұлттық телевизиясы хабарлады. Президент митинг ұйымдастырушыларды қолдаған. Ал, спикер халық талабына құлақ аспай отырғандықтан олар енді алаңға 200 киіз үй тігіп аштық жариялайтынын хабарлады.»

2018 жылдың желтоқсан айының соңында Ұланбатырдағы Сухэ-Батырора алаңына жиырма бес мың адам шығып, биліктегі жемқор-олигарх шенділердің кеуін талап еткен еді. Шеру енді міне 2019 жылда да өз жалғасын тауып отыр.

Фото: asiarussia.ru

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.