Ресейдің зымыран шабуылынан сақтандыратын «Око» жүйесі құрамындағы «Космос-2430» спутнигі атмосферада жанып кетті. Бұл туралы ТАСС агенттігі  Солтүстік Америка әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығына (NORAD) сілтеме жасап хабарлады.

NORAD мәліметінше, спутник орбитадан шығып кетіп, «жұмысын тоқтатқан». Оның тығыз атмосфера қабаттарында жанбай қалған сынықтары Тынық мұхитының оңтүстігіне 5 қаңтар күні құлаған болуы мүмкін.

6 қаңтар күні Radio New Zealand сайтында Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында бірнеше минут бойы жарқыраған нысан байқалған. БАҚ мұны Ресейдің әскери спутнигінің сынығы болуы мүмкін деп болжайды. Нысан суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары да жариялаған. 

«Космос-2430» спутнигін орбитаға 2007 жылы 23 қазанда Плесецк ғарыш айлағынан ұшқан «Молния-М» зымыран тасығышы шығарған. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ол кесімді мерзімі аяқталғанша — 2012 жылға дейін жұмыс істеген.

Ресей қазір зымыран шабуылынан ғарыштан ескертетін жаңа жүйе жасап жатыр. Оған қарасты алғашқы «Тундра» спутнигі орбитаға 2015 жылы шығарылған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.