Қызылордалық шенеуніктер бәрін ысырып қойып, ішімдік ішуге кіріскен көрінеді. Мұнымен қоймай, масаң күйде қоғамдық орындарда жүріп, көпшілікке мазақ болуда. Солардың бірі – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы – Ыбырайхан АХМЕТОВ.  Басшының әдепсіз әрекеті Әдеп жөніндегі кеңестің назарына ілігіп, тәртіптік ісі егжей –тегжейлі қаралды.

«Аталмыш азамат ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінің 5 және 7 тармақшаларына қарсы әрекет жасап отыр. Басшылық қызмет атқарып жүрген адам ешқашан ар-ұяттан аттамауы керек. Құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеуі тиіс. Бұл жерде тәртіп өрескел бұзылып тұр», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Берікбол БАЙХОЖАЕВ.

Сонымен, инспекция басшысы қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, 6012 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай –ақ, Ыбырайхан Ахметовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілді.

Фото автордікі.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.