Қырғыз Республикасының бұрыңғы президенті Алмазбек АТАМБАЕВТЫҢ күйеубаласы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы 24.kg хабарлайды.  

Семетей Сұлтанов Қырғыз Футбол Федерациясын 2012 жылдан бері басқарып келген. Ол 2003 жылы Алмасбек Атамбаевтың қызы Динара АТАМБАЕВАМЕН шаңырақ көтерген еді.

«Менің бұл шешіміме басқалардың көзқарасы өзгеше болатынын білемін. Сол себепті, мен бұл қадамға өз еркіммен барғанымды ескертіп өткім келеді. Ертеңгі күнге жаңа жоспар құрып, жаңаша ойлай алатын адамдардың қызмет ететін уақыты келді. Қызметтен кетсем де, қырғыз футболының жанкүйерлері жоғалмайтынына сенемін. Ендігі футболдың дамитынына күмәнім жоқ», – деп мәлімдеді С.Сұлтанов.

Бір қызығы, Қазақстан Футбол Федерациясын бір кездері мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ күйеу баласы, марқұм Рахат ӘЛИЕВ те басқарған болатын. Айтпақшы, Әлиевтің кезінде Қазақстан УЕФА құрамына өтсе, Сұлтановтың тұсында қырғыз футболшылары тұңғыш рет Азия кубогына шыққан еді.

Фото: sputnik.kg

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.