Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 29 қарашада номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Домбыра» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында ұлттық музыкалық аспап – домбыра бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазба және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазба орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және орыс тілінде «Республика Казахстан» деген жазба бар.

Монетаның реверсінде таудың, қазақ ауылының, жүйрік тұлпарлар аясындағы даланың, домбыраға арналған музыкалық туындының үзіндісі бар нота тұғырының стильдендірілген бейнелері бар домбырада ойнау сәті бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде мемлекеттік тілдегі «Домбыра» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан орналасқан. Төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаға гауһартас орнатылған, бояу бойынша шешім алтындату арқылы орындалған.
Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер бедерлі, айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі 1 миллиметр болатын бір гауһартас орнатылған, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

Монетаға гауһартас орнатылған, монеталарды алтындату технологиясы қолданылған.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ «Монеталардың Интернет-дүкені» www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады.

Запись Ұлттық Банк номиналы 500 теңгелік «Домбыра» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.