АҚШ президенті Дональд Трамп Давоста өтетін дүниежүзілік экономикалық форумға бармайтын болды. Бұл жөнінде Дональд Трамптың өзі Twitter-дегі парақшасында жазды. Сапардан бас тартуға конресстегі көпшілік орынға ие демократтармен Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу жөнінде келісе алмағаны себеп болған.

«Еліміздің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды мәселеде демократтармен ымыраға келе алмағандықтан Давоста өтетін дүниежүзілік экономикалық форумға бармаймын» деп жазды Трамп. Ол бұл шешімі үшін форумды ұйымдастырушылардан кешірім сұрады.

Трамп конгресстен оңтүстік шекараға дуал тұрғызуға бес миллиард доллардан астам қаражат сұраған. Бірақ АҚШ конргессінің басым бөлігін құрайтын демократтар қабырға құрылысын қаржыландырудан бас тартты. Бұл үкімет жұмысының ішінара тоқтатуына әкеліп соқтырды. 22 желтоқсаннан бері 800 мың америкалық мемлекеттік қызметкер айлық алмай отыр. Bloomberg агенттігінің жазуынша, АҚШ-та «шатдаун» кесірінен әр екі аптада өндіріс 0,1 пайызға қысқарып отыр.

10 қаңтарда Трамп Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу мәселесі шешілмесе, елде төтенше жағдай жариялауы мүмкін екенін айтты.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.