Роскомнадзор BBC-дің Орыс қызметін «халықаралық террорлық ұйымның идеологиялық қағидаларын трансляция жасады» деп айыптады.

Ведомство сайтында қазір BBC-дің интернет ресурсындағы материалдар мазмұнының Ресей заңдарына қаншалықты сай екені тексеріліп жатқаны айтылады. Роскомнадзор BBC-дің Орыс қызметі сайтындағы материалда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің сөзінен «үзінді келтіргенін» анықтаған. Мекеме БАҚ-тың ИМ басшысының нақты қандай сөзін келтіргенін айтпайды.

Бұған дейін Ұлыбританиядағы медиа нарықты реттеуші Ofcom ұйымы ресейлік RT телеарнасын Ұлыбритания аумағында хабар тарату ережелерін бұзып отыр және әкелі-балалы Скрипальдерді улау туралы анық ақпарат бермеді деп айыптаған.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  айыптауға жауап ретінде Ресей билігінде BBC-дегі Ресей мен Сириядағы жағдай туралы материалдар жайлы сұрақтар туындағанын мәлімдеген.

Корпорация баспасөз қызметі BBC Ресейдегі қызметін жергілікті заңдарға сай атқарып отырғанын мәлімдеген. BBC өкілі «Біз қадағалаушы органдар сұрау салған жағдайда қандай да бір оқиғадан қалай хабар таратып отырғанымыз туралы қосымша ақпаратты ұсынуға қашан да дайынбыз» деп хабарлады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.