Ақмола облысына қарасты  Бұлақ ауылының маңындағы «Жолдыбай» жотасы жергілікті халық үшін қастерлі һәм қасиетті орын. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, бұл жерде Абылай мен Кенесары ханға серік болған тұлғалардың ізі қалған. Азаттық үшін күрескен Хан Кененің сарбаздарының сүйегі де жатыр деген сөз бар.

«Кенесары сарбаздарының сүйегі жатқан жотаны қазғызбаймыз»
Жолдыбай жотасы

2018 жылдың сәуір айында сол жотаны қазуға әлдекімдер техникаларын алып келіпті. Зерендідегі жұрт «бұл — әруақтарды қорлау. Сондай-ақ, кәсіпкерлер төбені қазып, қызығын көрмекші. Ал, одан шыққан залал ауыл халқының  денсаулығына аса зиянды екеніне әкімдік бас қатырып жатқан жоқ» дейді. Пайда демекші, кәсіпкерлер қиыршық тастарды өз қажеттеріне жаратпақшы екен.

«Кенесары сарбаздарының сүйегі жатқан жотаны қазғызбаймыз»

«Ауылда 250 халық бар. Сол халықтың барлығы қарсы. Бұл крематорий салғанмен бірдей. Адамды ақырандап өлтіру. Бұл жерде бабаларымыздың сүйектері де жатыр»,  – дейді  Бұлақ ауылының тұрғыны Талғат ҚҰЛАТАЕВ.

Крематорий деуінің себебі, қазылған қыраттан шыққан шаң-тозаң ауыл тұрғындарының денсаулығын құрта ма деп уайымдайды тұрғындар. Оның үстіне, жел үнемі жота жақтан ойдағы ауылға қарай соғып тұрады екен.

«Кенесары сарбаздарының сүйегі жатқан жотаны қазғызбаймыз»

«50 вагон бомба жарылса, 40 вагон көмір жағылса, біздің күніміз не болады. «Ұлы даланың жеті қыры» дейді, «Рухани жаңғыру» дейді. Біз ұрпақтармызға не қалдырамыз? Бұл барып тұрған масқара!», –дейді  Бұлақ ауылының тағы бір тұрғыны Қанат ӘЛІБЕКОВ.

Қазір жота маңына контейнерлер қойып, техникалар әкеле бастаған «Тумалин В» кәсіпорны әкімдіктен мал бағу үшін жерді пайдалануға алғандығын айтады.

«Кенесары сарбаздарының сүйегі жатқан жотаны қазғызбаймыз»

«50 бас мүйізді ірі қараны өсіру үшін осы тұрақты салып жатырмыз. Ал, жотаны «Обсидиан В» компаниясына бердік. Біздің оған қатысымыз жоқ», – дейді «Тумалин  В» ЖШС директоры Табылды ӘЛІБЕКҰЛЫ.

Астаналық компания жетекшісінің айтуынша, жота аумағы әкімдіктің рұқсатымен ресейлік инвесторға берілген. Алайда, бұл айтқанға халықтың нанғысы жоқ. «Себебі, астаналық және шетелдік компанияның көздеген мақсаты ортақ. Яғни, жотаны бұзып, қиыршығын бас пайдаларына жаратпақ» дейді.  Ал, жергілікті әкімдік қыратты пайдаланбақшы компанияның құжаты түгел, десе де халықтың пікірі ескеріліп жұмыстар тоқтатылып тұр дейді.

«Кенесары сарбаздарының сүйегі жатқан жотаны қазғызбаймыз»

«Қазір жұмыстар тоқтатылды. Бұл мәселе Зеренді ауданы әкімдігінің бақылауында», – дейді Симферополь ауылдық округінің әкімі Жадай АБУТАЛИПОВ.

Тұрғындардың әкімдікке де өкпелері қара қазандай. Себебі, жотаны халықтың рұқсатынсыз компанияға берген дейді. Ендігі кезекте, ауылдықтардың талабы ескеріліп, бір жола «Жолдыбай» жотасын қазуды тоқтатуын сұрайды. Әйтпеген жағдайда, ашынған ауыл тұрғындары көтерліске шығудан  тайынбаймыз деп отыр.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.