The New York Times басылымының жазуынша, 2017 жылы мамыр айында АҚШ федералдық тергеу бюросы (ФБР) президент Дональд Трампқа байланысты зерттеу бастаған.

Басылымның хабарлауынша, зерттеу Трамп 2017 жылы мамыр айында ФБР басшысы Джеймс Комиді қызметінен алғаннан кейін басталған. Ондағы негізгі сұрақ «Трамп Ресей мүддесіне жұмыс істей ме?» деген мәселе болған. 

ФБР-де Трампқа қатысты күдік 2016 жылғы сайлау кампаниясы кезінде пайда болған. Алайда зерттеудің теріс саяси салдарына байланысты кейінге қалған. Ал арнайы прокурор Роберт Мюллер Ресейдің Америкадағы президент сайлауына килігуін зерттей бастаған кезде ФБР барлық деректерді соған берген. ФБР өкілдері және арнайы прокурор бұған қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та Трампты ұлықтауға қатысқан украиналықтарды тексеріп жатыр

Роберт Мюллердің бір жарым жылға созылған зерттеуінен кейін Трамптың Ресей билігімен құпия байланысы немесе әріптестігі туралы ешқандай ашық мәлімет пайда болған жоқ. Трамп өзіне қатысты айыптарды жоққа шығарған.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.