Астана. 28 қараша. 7kun.kz — Бүгін 2018 жылға арналған дәрілік заттарды сатып алу тендері шеңберінде тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерге қатысты жасаған ескертулерді жою бойынша толықтыруларды ашу рәсімі болып өтті, «СК-Фармация» Баспасөз қызметі.

Сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында рәсім Бірыңғай дистрибьютордың ғаламтор ресурсында және Facebook желісіндегі ресми аккаутында онлайн тәртіпте трансляцияланады.

Өтінімдерін толықтыру мүмкіндігі рәсімдердегі бейтараптылық пен алаламаушылыққа кепілдік беру мақсатында дәрілерді тасымалдаушы әлеуетті өнім берушілерге берілді. Себебі, тендерлік комиссия ескертулерін түзету құқығы тендер қатысушыларын негізсіз ауытқыту құқығын болдырмайды.

Енді 4 желтоқсанға дейін тендерлік комиссия мен салалық сарапшылар тендерлік өтінімдерге толықтыруларды қарайтын болады. Өтінімдерін заңнама талаптарына сәйкес тиісті қалыпқа келтірген барлық әлеуетті өнім берушілер 2018 жылы қандай компаниялардың медициналық ұйымдарға тегін орфанды дәрілерді жеткізетіндігін анықтайтын бағаны төмендету аукционына жолдама алады.

2018 жылға арналған тендерлік рәсімдер шеңберінде қазіргі таңда сирек кездесетін сырқат түрлерін емдеуге қажетті дәрілер сатылып алынып жатыр. Бірыңғай дистрибьютор арқылы бірінші кезекте сатып алынатын орфанды препараттар тізіміне 45 дәрілік зат енеді.

Бірыңғай дистрибьютордың аталған дәрілерді сатып алуға осыншалықты көңіл бөлуі сирек сырқаттармен ауыратын пациенттердің өмірінің кейде осы препараттарға тікелей тәуелділігінде болып отыр. Бұл препараттардың құны аса жоғары, әрі олар әдеттегі дәріханаларда сатылмайды.

 

Запись «СК-Фармация» 2018 жылға арналған орфанды препараттарды сатып алады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.