Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Жаңа бес қабатты үй 80 пәтерден тұрады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында салынған алғашқы нысан. Осыған дейін өндірістік қала Екібастұзда әлеуметтік тұрғын үй тұрғызылмаған болатын, деп хабарлайды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

Бүгін жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындар – құқыққорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпорын жұмысшылары. Олар пәтерлерді 1 шаршы метрі 90 000 теңге болатын бағамен сатып алды. Орта есеппен бір бөлмелі пәтердің бағасы 4 млн теңгені құрайды. Оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) шотында үй құнының 30 пайызын құрайтын алғашқы жарна жинау керек еді. Ар жағындағы жетпейтін соманы ТҮҚЖБ жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз болатын жеңілдікті заем түрінде берді. Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында тұрғын үй сатып алу шарты.

Жаңа бес қабатты үй 80 пәтерден тұрады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында салынған алғашқы нысан. Осыған дейін өндірістік қала Екібастұзда әлеуметтік тұрғын үй тұрғызылмаған болатын.

Басында бір шаршы метрдің бағасы 115 мың теңге болатын. Бірақ біздің банкте салымы бар, орташа жалақысы 80 000 теңге болатын Екібастұз тұрғындары үшін бұл сома ауырлау болатын еді. Осы себепті аталған мәселені шешу үшін облыс әкімдігімен байланыстық. Аймақ басшысы бұған түсіністікпен қарады, нәтижесінде клиенттеріміз бұрынғыдан да төмен бағамен баспана сатып алып, жаңа үйге кіруге дайындалып жатыр, — дейді Талғат Баилов.

Орта есеппен алғанда бір бөлмелі пәтер үшін ТҮҚЖБ несиесі бойынша ай сайынғы төлем 28 000 теңгені құрайды. Олжас Жүзжасаровтың да төлейтін сомасы дәл осындай. Құқыққорғау органының қызметкері 7 жыл бойы пәтер жалдап келіпті. Үш жыл бұрын ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, баспаналы боламын деп ақша жинай бастаған екен. Осы уақыт ішінде Олжас болашақ пәтер бағасының 40%-ын депозитіне салып үлгеріпті.

Запись Екібастұзда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары пәтер кілтіне ие болды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.