Өзбекстанда 1997 жылы ел билігіне әдейі арнап құрастырылған Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі үш ұшақтың бірі сатылды деп хабарлайды AviaSpotter сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі. 

British Aerospace Avro RJ85 (борттық нөмірі UK-80001) ұшағын Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов пайдаланған. Бұл ұшақпен Каримов 1997-2013 жылдар аралығында елдің түрлі аймақтарына және жақын елдерге ұшқан. Авиация саласының әуезқойлары бұл ұшақты «түлкі» немесе «жирен» деп атаған. Сайттың хабарлауынша, UK-8002 және UK-80003 ұшақтары да сатылуға дайын тұр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.