Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды деп хабарлады Азаттық тілшісі. Мәжіліс отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Бақытжан Әбдірайымның басқа жұмысқа ауысуына байланысты отставкаға кету туралы өтінішін депутаттардың дауыс беруіне ұсынды. Депутаттар Әбдірайымның өкілеттігін тоқтатуды қолдап дауыс берді.

Бақытжан Әбдірайым өткен аптада Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланған. Бұл қызметті бұған дейін Әбілғазы ҚҰсайынов атқарған.

Бақытжан Әбдірайым мәжіліс депутаттығына биліктегі «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған болатын.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.