Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Ақтөбедегі «КМК Мұнай» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесу барысында Бейжіңде оқып жатқан қазақстандық студенттерді қараусыз қалдыруға болмайтынын айтты.

Aqparat.info сайтының хабарлауынша, әкім компания басшылығына – шетелден келетін жұмысшылар санын азайту туралы ескерту айтты. Үшінші, төртінші санаттағы қызметкерлерді шетелдерден әкелуге ешқандай қажеттілік жоқ. «Мұндай санаттағы қызметкерлер өзімізде де бар», дейді ол. Әкімдіктің қолдауы арқылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» бен Бейжіңдегі Қытай мұнай университетінде оқып жатқан студенттердің оқуына көңілі толмайтынын айтты.  

— Осыдан екі жыл бұрын мен сіздердің студенттеріңізбен Пекинге барған сапарымда кездестім. Біз ондағы балаларымыздың қалай оқып жатқанын қарап отыруымыз керек. Шынын айту керек, кейбіреулері оқымайды, Пекинде қыдырып жүреді. Біз былтырдан бастап Пекинге оқуға жіберу тәртібін  өзгерттік. Бұрын талапкерлер қалай болса солай кететін. Кейбіреулері таныс-тамыр арқылы кететін, енді олай болмайды. Бұл мәселе үшжақты комиссияда, яғни әкімдік, университет және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» арасында қаралып, шешілетін болады, — деді Сапарбаев.

Айта кету керек, 2017 жылдан басталған келісім-шарт нәтижесінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АО-ның қолдауымен Қытайда 77 студент оқып жатыр.

Фото: qamshy.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.