Маңғыстау. 29 қараша. 7kun.kz — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысында орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған «Нұр Капитал» бірегей жобасы қолға алынды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс экономикасының әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа жобаның таныстырылымы аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен 29 қараша күні Ақтау қаласында өтті. Шараға «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, ірі кәсіпорындар басшылығы мен қаржылық институттар қатысты.

«Нұр капитал» жобасы — Маңғыстау облысында еңбек нарығын жаңғыртуға бағытталған бірегей бағдарлама.

Қазіргі таңда «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-тан 900 млн теңге және «Даму» қорынан 1 млрд 800 млн теңге қаражат бөлінді. Облыстың кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында жалпы құны 2 млрд 700 млн теңге болатын несие ресурстары бағытталды», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Запись Маңғыстауда «Нұр Капитал» бірегей жобасы қолға алынды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.