Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Ұлттық Банкі Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2016 – 2018 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде жастарға арналған «Ойла» ғылыми-танымдық басылымымен бірлесіп 2017 жылғы шілдеден бастап ай сайын «Экономика» бөлімінде экономика және қаржы саласындағы түрлі тақырыптарға арналған арнайы беттерді шығарады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.

Олар қарапайым тілде түсіндіріледі («Ақша есепті жақсы көреді және шығыстарды қалай жоспарлауға болады?», «Банктер дегеніміз не? Банктер қандай қызмет көрсетеді?», «Қосымша сақтандыру және сақтандыру есебі қалай жасалады?», «Банк өнімдері, ақшаны сақтау әлде депозит? Депозиттерге кепілдік беру қоры дегеніміз не?», «Ақша қалай пайда болды?»).

Алғашқы қазақстандық ғылыми-танымал OYLA журналы ай сайын орыс тілінде және мемлекеттік тілде 20 мың дана жалпы таралыммен шығарылады. 2017 жылғы сәуірден бастап «OYLA» франшиза бойынша Австралияда және Жаңа Зеландияда ағылшын тілінде «OYLA Youth Science» деген атпен шығарылады.

Сонымен бірге «OYLA» ғылыми-танымдық журналы Оңтүстік Кореяда шығарылады, онда журнал бірегей атын сақтай отырып, корей тілінде шығарылады және сатуға 2018 жылдың басында түседі.

Запись Ұлттық банк «Ойла» басылымында экономика бөлімін шығарады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.