Себастиан САВАРД атты канадалық музыкант Қазақстан туралы осындай пікірде. Ол ЭКСПО көрмесіне келген кезінде осындай пікір білдеріген. Бұл туралы weproject.kz сайты жазды.

Музыканттың айтуынша, оған «Президент үйі» орналасқан, үлкен ғимараттар мен паркі бар Астананың орталығы ұнапты. Ол канадалықтар мен қазақстандықтардың дүниетанымында алшақтықтар көп.

«Мен түрі моңғолға ұқсайтын қазақтармен достастым, бірақ, кейбіреулері орысқа да ұқсайды. Түрі азиатқа ұқсай тұрып орыс тілінде сөйлейтін адамдар әлемнің басқа еш жерінде жоқ», дейді музыкант.

Сондай-ақ, сауалнама барысында Канада мен Қазақстанның климатының ұқсайтынын, канадалықтардың да қазақтар сияқты суық ауа райына үйренгенін, дегенмен, қарым-қатынаста канадалықтардың әлдеқайда жайдары, жылы екенін айтқандар болыпты. Олардың көзқарасы бойынша, азақстандықтардың әлдебір компанияға (ортаға) бейімделуі ұзақ уақытты талап етеді екен. Сонымен қатар, Қазақстанда консерватизм басым екенін айтады шетелдіктер.

Фото: weproject.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.