Сенат төрағасы Қасымжомарт ТОҚАЕВ Қазақстан атауын ауыстыруға қарсы. Қазақстан емес Қазақ Республикасы деп өзгерту туралы ұсыныстан да өзге маңызды мәселелер жетеді деп есептейді ол.

КТК арнасы хабарлағандай, сенат төрағасы ел атауын ауыстыру керек емес деп есептейді. Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВ ел атауын Қазақ Республикасы деп атауды ұсынған. Оның бір себебі – Кеңес құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына келесі жылы 100 жыл толады. Депутаттың бұл ұсынысы БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланып, желі қолданушылардың көпшілігі қолдайтындарын білдірген.

Ал, Тоқаев бұған тіпті бас қатырып та керегі жоқ деп есептейді:

“Ел президенті Қазақстан Распбликасы атынан көптеген елмен қаншама келісім жасады. Қазақстан атауын өзгертуге еш негіз де, мән де жоқ. Бізде басқа мәселе толып жатыр”, – деді ол.

Фото: caravan.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.