Қарағанды облысында экологиялық жағдайдың мәз еместігі белгілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалдықтарды рұқсатсыз төгу бойынша 534 факті анықталған. Облыс бойынша барлығы 202 коммуналдық қалдықтар төгу орны бар, бірақ, оның тек 35-інің ғана заңды құжаты бар. Ал, 167-сі заңдастырылмаған.

Облыстық экология басқарма басшысының мәліметінше 2018 жылы облыс бойынша 10 067,49 тонна қоқыс тасталынған.

«Өткен жылы 152 жалпы тексеріс өткізілді. Оның 10-ы таңдаулы, ал 242-сі жоспардан тыс жүргізілді. Аталған таңдаулы тексерістерді бірінші жарты жылдықта өткіздік.  Жұмыс барысында 317 заң бұзышылық анықталды. Салдарынан 183 нұсқама толтырылды. 175-інің қателіктері жөнге келтіріліп, 264–не әкімшілік жаза қолданылып, 125 млн 155 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Осының 194-і өз еркімен барлығы 119 479 мың теңге  көлеміндегі айыппұл төледі. 68-інен 5 675 мың теңгені мәжбүрлеп өндіруге жіберілді. Сонымен қатар, экономикалық залалды өтеу үшін, 2 млрд 362 млн 673 мың теңгены құрайтын , 91 шағым жазылды. Бүгінгі таңда 73-і өндіріліп, 764 млн 506 мың төленді. Қалған сомманы өндіру мақсатында 18-і сотқа жіберілді» — дейді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат МҰСАПАРБЕКОВ.

Алайда, Теміртау қаласындағы қара қардың мәселесі әлі де шешілер емес. Жұртшылық балаларын қармен ойнатуға, тіпті ұстауға да қорқады екен

« Балаларымыздың қарды ұстағанынан қорқамыз. Менің ұлым қардан аққала жасап көрмеген. Тіптен, қар атысып балалық шағымыздағыдай ойын ойнаудан қалып отыр. Себебі, қолқабы мен курткасы көмірмен ойнағандай бірден кір болады», — деп шағын білдірген Теміртау қаласының тұрғыны Наталья Самохина видео үндеуін желіге салған.

Осы орайда Облыстық экология басқарама басшысын да сұрақтың астына алдық. Бірақ,  барлығы ойдағыдай деген шенді «қара қардың» ағармағаны жайлы  білсе де, нәтижесіз  жағдайлардың жүріп жатқанын айтты.

«Облыс бойынша экологиялық ахуалы сіз айтқандай елдің назарында. Теміртау қаласы бойынша бұл негізгі, бастаушы болып «Арселор Митлл Теміртау» негізгісі және де тағы басқа өндірістер. Ол бойынша сіздер білесіздер, 2018 жылы 24 қаңтарда Облыс әкімі Ерлан Жақановичтың ұсынысымен жұмыс тобы құрылған. Теміртау қаласының ауасы бойынша программа құрылды. Негізгісі сол бойынша 2018 жылғы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаға 30 млрд-тан артық ақша қаралды. Осы қаражатқа сүзгіштердің қайта жөнделетін болады» — деді басқарма басшысы.

Дегенмен, Теміртау қаласының экологиялық ахуалы туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесу барысында арнайы тоқталғаны жайлы хабарланған болатын. Онда Ақорда сайты президенттің Теміртаудың экологиялық ахуалына алаңдайтынын жазған.

Қошанов президентті алаңдатқан ахуалды түзей ала ма деген сұрақ туады. Басқарма басшысы айтқан жұмыстар әзірге нәтиже бермей тұр. Жұмыстар жүргізілгенімен, Теміртау қаласы көк түтінге булығып, қардың қарайғаны мен тұрғын үйлердің терезесіне сіңген қара дақтардың көрінісі интернет желісінде өріп жүр.

Фотоны автор ұсынды.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.