Ресейдің үкімет басшысы Еуразия үкіметаралық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөзінің басын бір ауыз қазақша: «Қайырлы кеш!» деген сөзбен бастады. Осы бірауыз сөзінің өзіне ерекше мән берген премьер «Қазақ тілін үйренуді ұмытпау керек», деп ескертті.

Ол сонымен қатар, Ресей төрағалық еткен былтырғы жылы Одақ жұмысы біршама алға жылжып, жетістікке жеткен. «2018 жыл одақ ішіндегі сауда 12%-ға, сыртқы серіктермен сауда көлемі 21%-ға артты», — деді ол.

Шараға ЕАЭО-ның бес елінің өкілдері, сондай-ақ Еуразия экономика комиссиясының Алқа төрағасы қатысты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары өзара сауданың қазіргі ахуалы және макроэкономикалық жағдай, бірыңғай су жолдары кеңстігін құру мәселелерін талқылауда.

Фото: vologda-poisk.ru

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.