«Футбол Еуропадағы нәсілшілдікке қарсы» (FARE) ұйымы 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатында гомосексуалист жанкүйерлерге арналған жадынама шығармақ деп хабарлады Associated Press агенттігі.

FARE басшысы Пиара Повар жадынама ЛГБТ өкілдерін жыныстық азшылық өкілдеріне қырын қарайтын жерлерде сақтық танытуға шақыратынын мәлімдеді.

Повар жадынамада Ресейдегі ЛГБТ қауымдастығының жай-күйі туралы жазылатынын да айтты. Мысалы, FARE футбол жанкүйерлерін гомосексуал болудың қылмыс емес екенін, бірақ біріншілік өткізетін Ресейде гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң барын ескертпек. Бұдан өзге, ЛГБТ өкілдерінің өз сезімін ашық түрде білдіруі жергілікті тұрғындардың агрессиясын тудыруы мүмкін екені де ескертілмек.

FARE футбол матчтары кезінде ЛГБТ туларын ұстап, арлы-берлі жалаулатуға бола ма деген мәселеде әлі бір шешім жасаған жоқ. Ұйым мұндай сауалды Ұлыбритания мен Германиядағы біраз жанкүйер қойғанын айтады. Дегенмен, Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ережесі стадиондарда саяси емес ұрандар мен символикаларды қолдануға тыйым салмайды.

27 қарашада Ресейдегі футбол біріншілігінде судьялар егер ойын кезінде нәсілшілдік көрінісі байқалатын болса, ойынды тоқтатып, матчты үзу құқығына бірінші рет ие болатыны хабарланған.

Ресейде 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Матчтар 11 қаладағы 12 стадионда өткізілмек. 1 желтоқсанда Мәскеуде командалар арасында ресми түрде жеребе тарту рәсімі өтпек.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.