2019 жылғы 4 ақпанда президент Н.НАЗАРБАЕВ Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш түсіріп, Кеңес бұл өтініштің конституциялық іс жүргізуге қабылдағанын хабарлады. Бұл туралы ҚР Конституциялық кеңестің ресми сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде», делінген онда.

Президент түсіндіру туралы өтініш түсірген 42 баптың 3-тармағында не айтылып еді? Сөзбе-сөз келтірсек:

«3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болатыны» айтылған.

Осыдан кейін, Қазақстанды Тәуелсіздік алғалы бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев президенттік мандатын өткізіп беруге дайындалып жатқан жоқ па деген заңды сұрақ туады. Неде болса бұл өтініштің сырын алдағы уақытта білетін боламыз…

Фото: sputniknews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.