4 желтоқсан күні Алматыда «Ашық қоғам — ашық бюджет» деген атпен өтеді деп жоспарланған жас ақындар айтысы өтпейтін болды. Ұйымдастырушы «МедиаОрда» қоғамдық қорының өкілі Асқар Бековтің Азаттыққа айтуынша, айтыс өткізу туралы жасалынған келісімшарт қайта бұзылған. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының басшылары да, «Қазақконцерт» залы басшылары да алғашқыда айтысты өткізуге қолдау білдіріп, келісімшартқа жасасып, залдың жалға беру қаржысын алған. Бірақ айтысқа бірнеше ғана күн қалғанда қолдау білдіре алмайтындарын жеткізді.

— Келісімшартты үзіп, себеп салдарын түсіндіріп, қаржымызды қайтарды. Дегенмен үлкен өкініш қалды. Теxникалық ақауларды алға тартып, айтысты өткізуге ешқандай мүмкіндік жоқ екенін түсіндірген «Алатау» дәстүрлі театр басшылары басқа шараларды ойдағыдай өткізіп жатыр. Ал, «Қазақконцерт» ұжымы министрліктің іс-шарасы өтетінін алға тартып, келісімшартты бұзды, — дейді Асқар Беков Азаттыққа.

Ұйымдастырушылар айтысты өткізбеу үшін «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен «Қазақконцерт» залының басшылығына арнайы нұсқау түскен болуы мүмкін деп болжайды. «Алда бірінші желтоқсан, онан кейін тәуелсіздік күні келе жатыр, бәлкім, сескенген болар» дейді Асқар Беков.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.