Жайық өзенінде балықтың қырылуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Индер ауданына барғанда айтқан.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр және тергеу аяқталған соң құқық қорғау органдары балық қырылу оқиғасына қатысты есеп береді. 

Ноғаевтың сөзінше, 16-қаңтар мен 15-ақпан аралығында Жайық өзенінде балық қырылуы мүмкін өзге ошақтардың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр. Қазірге дейін жаңа ошақ кездеспеген. 

Жайық өзенінде балық жаппай қырылып жатқаны туралы былтыр желтоқсан айында айтыла бастаған. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Жайықтан 10 тоннаға жуық өлі балық табылғанын мәлімдеген. 

Балықтар жаппай қырылған соң Атырау облысының тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдері атына және Денсаулық сақтау министрінің атына петиция жолдаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.