Бүгін Астанадағы «Конгресс-Холл» залына өз талабымен көп балалы ана Ақнұр ОРМАНОВА да келді. 2006 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған ол екі бөлмелі жатаған үйді жалдап жатқанын айтады.

«Жалпақ тілмен айтқанда қуықтай екі бөлмелі «времянка» жалдап тұрып жатырмыз. Жасым 33-те. Дүниеге алты бала алып келдім. Бесеуі дін аман. Біреуі шетінеп кетті. Сегіз жыл болды үй кезекте тұрғаныма. 7854 орындамын. Кезек жылжитын емес. Бұл жерге пәтер мәселесін шешу мен жәрдемақыны көбейтуді талап етіп келдім»,-  дейді көп балалы ана Жас Алаш тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

«Мен де бес баламнан айрылып қала жаздадым»
Ақнұр Орманованың жалдамалы үйі

Ақнұр Орманова 2006 жылдан бері Астана қаласында тұрып келеді екен. Елордаға отбасымен Түркістан облысынан көшіп келген. Ескі вокзал төңірегіндегі Жетісай көшесі № 72 үйде тұрады екен. «Жанымгүл СИТЕР сынды мен де бір түнде бес баламнан айрылып қала жаздадым» дейді. Ақнұрда түнгі кезекте жұмыс жасайды екен.

«Қаладағы мейрамханалардың бірінің асханасында түнгі кезекте жұмыс жасаймын. Пәтерақы айына 40 мың теңге. Бірақ жағдайы жасалмаған. Бес балаға алатын жәрдемақы 10500 теңге ғана. Кеше жұмыстан келсем үйдің іші көк түтін. Үй өртеніп кете жаздапты. Қайта құдай сақтап күйеуім келген ғой. Бес қарғам қақалып-шашалып бір бұрышта отыр екен. Жолдасым Сарыағашқа кеткен болатын»,- дейді Ақнұр.

«Мен де бес баламнан айрылып қала жаздадым»

Төртінші ақпан күні Астанада Альбина, Алина, Сабина, Карина және Мадина есімді бүлдіршіндер өрттен қайтыс болған еді. Олардың ата-анасы Евгений мен Жанымгүл Ситерлер жұмыста болған-ды. Бүгін астаналық бір топ ана «Конгресс-Холл» залына жиналып өз талаптарын қойды. Кездесуге Астана қаласы әкімдігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері келді.

«Біз құқықтық мемлекетпіз. Барлығы заң аясында шешіледі. Көп балалы аналар біздің назарымызда. Мәселен мен күніне 30-ға дейін адамды қабылдаймын», — деп қысқа қайырды Азаттық радиосының тілшісімен тілдескен қала әкімінің орынбасары Ермек АМАНШАЕВ.

«Мен де бес баламнан айрылып қала жаздадым»
Фото: azattyq.org

Фотоларды Ақнұр Орманова ұсынды. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.