Қаңтардың  27-інен басталған қытымыр аяз аймақ тұрғындарын біраз әбірге салды.Бірақ, мектеп оқушылары үшін қысқы каникул жалғасын тапқандай. Өйткені, олар бір аптадан бері үйлерінде отыр. Мәселен, бүгін сынап бағанасының 30 градусқа төмендеп, желдің секундына 25 метрге дейін күшеюіне  байланысты облыстағы  100 мыңға жуық оқушы үшін сабақ тоқтатылды.

-Бүгін облыс бойынша 355 мектепте бірінші ауысымда сабақ тоқтатылып, 68821  оқушы үйінде қалды. Ал екінші ауысымға келетін болсақ, 187 білім мекемесінде сабақ болмай, 27642 оқушы мектепке барған жоқ, -дейді Павлодар облысы білім беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Айнұр КҮЛТҰМАНОВА.

Аяз басталғалы жергілікті белсенділер қол қусырып отырған жоқ. Мәселен, Жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары шаһар тұрғындары арасында «Мейірімді Павлодар» шарасын ұйымтастырған. Акцияның қатысушылары көшеде, аялдамаларда жаурап тұрған жұртты үйлеріне тегін жеткізуде. Шараға жалпы отыз көлік иесі қатысып, осы күндері үш жүзден астам тұрғынды діттеген жеріне апарып тастаған.

Аяз: Павлодарда 100 мыңға жуық оқушы сабақтан қалды

-Мейірімді Павлодап акциясы демалыс күндері де жалғасады. Аязды күндері біреуге қол ұшын бергісі келетін кез-келген көлік жүргізушісі мына нөмірге+7 (747) 467-45-61 хабарласып, шараға қатыса алады, -дейді Павлодар қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, аталмыш акцияға жергілікті полицейдер де атсалысуда. Ал жыл басынан бері өңірде аяздан 8 адамды үсік шалып, олар ауруханаға жеткізілген. Синоптиктер босла,  мұндай ауа-райы алдағы күндері де жалғасады деп отыр.

Фотолар ғаламтордан алынды.

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.