Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ министр Мадина ӘБІЛҚАСЫМОВАНЫҢ отставкасына байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Жас Алаш ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күнгі трагедиядан кейін әлеуметтік желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкасы талап етіле бастады. Сондай-ақ, кеше Астана әкімінің орынбасары Ермек АМАНШАЕВПЕН кездескен көп балалы аналарда сол талапты қойған.

«Менің ойымша, бар кінәні министр Әбілқасымоваға жаба салу, кемінде, әділетсіздік. Иә, ешкім де жауапкершіліктен босатылмайды. Қалай болғанда, біз — бүкіл мемаппарат — қандай жағдай болса да, елімізде болып жатқан шаралар үшін жауаптымыз. Бірақ осы ауыр жағдайдың көптеген факторларға байланысты болғанын түсіну керек және көп нәрсе Еңбек министрлігінің жұмысына байланысты емес», — деді министр. 

Бес бүлдіршіннің өлімі бүкіл елдің қайғысына айналды деген Абаев мырза бұл оқиғаның Әбілқасымоваға да ауыр тигенін айтады.

«Мадина Ерасылқызы осы жағдайға байланысты қатты қайғырып жүргенін білемін. Әйел, үш баланың анасы ретінде ол осы жаңалықты ауыр қабылдады. Сол себепті, тек конструктив пікір қалғаны жөн, қалған айыптаулар негізсіз. Сонымен қатар, мен Әбілқасымованы нағыз кәсіби, өз ісіне жанын салып істейтін адам ретінде білемін», — деді Дәурен Абаев. 

Коллаж: zhasalash.kz

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.