Әкім болсаң, халқыңа жақын бол. Атырау облысында ауыл-аудан әкімдерінің есеп беруі басталғалы аймақ басшысы Нұрлан НОҒАЕВ бұл қағиданы жиі еске салатын болды. Осы орайда, ол облыстағы барлық әлеуметтік мекемелер үшін бірыңғай «Ашық есік күнін өткізу» тұжырымдамасын дайындауды тапсырды. Енді барлық елді мекендердегі мекемелер айына бір рет тұрғындармен кездесу өткізуі дәстүрге айналуы тиіс. ​

Атырау облысы әкімінің пікірінше, «Ашық есік күні аясында» аймақ тұрғындары жеке мәселелерінен бөлек, мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет мекемелерінің қызметіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіре алады. 

Индер ауданы әкімінің есеп беру шарасында Нұрлан Асқарұлы жақында ғана тағайындалған аудан әкімі Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ қызметіне оң баға бере отырып, «Басқарма басшылары, аудан әкімдері журналистер мен телекөрермен алдында сөз сөйлейді, жақыннан бері әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланысқа шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап беретін болды. Біз бұл жұмысқа әлі де назар аударамыз. Барлық деңгейдегі әкімдіктер халықпен тығыз байланыста болулары керек» деп мәлімдеді. Ал Жылыой ауданындағы осындай бас қосуда «Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаған кезде бізге мектеп, балабақша директорларының жұмысына, денсаулық сақтау мекемелердің қызметіне шағымданып жатады. Халық туындаған мәселерді сол жердегі мәселелерін басшылар арқылы тікелей шеше алмайды. Бұлай болмауы керек,-деген сын айтты.

Атырау облысы әкімінің өткен жылды қорытындылап, биылғы жоспарды ортаға салатын алқалы жиыны 20 ақпан күні «Жайық» спорт кешенінде өтпек. Ол үшін жер-жерге, атап айтқанда, теміржол вокзалына, «Дина» сауда орталығына, облыстық әкімдік, халыққа қызмет көрсету орталығы, облыстық әділет департаменті ғимараттарына көпшіліктің арыз-шағымы мен талап-тілегін үшбу хат түрінде жазып қалдыратын жәшіктер орнатылған.

Фото: inform.kz

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.