Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстанның бас полицейі ме?

Қазақстан полиция саны ең көп мемлекеттердің ондығына кірсе де, қоғам тарапынан оларға деген сенім аз екені жиі аңғарылады. Мәселен Алматы облысының полицейлерінен күдер үзген Қаратал ауданының тұрғыны Яха САИДОВА күйеуінің өліміне қатысты істі президент жеке бақылауына алса екен дейді.

Үштөбе қаласының іргесіндегі Ортатөбе ауылының тұрғыны Яха Саидова 2017 жылдың қазан айында үйіне қарақшылар түскенін айтады. Олар 65 жастағы отағасын айуандықпен өлтіріп алпыс мың теңге алып кеткен.

Барлық айғақтар бола тұра  кінәлілер әлі күнге дейін табылмаған көрінеді. Марқұмның жақындары тергеуді осынша уақыт созып келе жатқан полицейлерге наразы.

Ұрылар түскен  күні марқұм «времянкада» болған. Қорадағы малға көз қырын салу үшін отағасы үнемі сонда қонатын, дейді туыстары. Ал, үлкен үйде түнеген жұбайы мен ұлы көмекке жеткенше қарақышалар ізін суытып үлгерген. 

«Полицияға емес, Назарбаевқа сенеміз»

«Төрт маска, 4 куртка, 2 пышақ пен балта, скочт, арқан, тіпті, олар киген аяқ киімге дейін табылды. Алайда, қылмыскерлер әлі де табылмай отыр. Бұл біздің тарапымыздан күдік тудырады», — дейді Яха Саидова.

«Жұмыс жасап жатырмыз, күдіктілер бар» дейді. Бірақ, қанша уақыт өтті ешқандай нәтиже көрген жоқпыз. Іс алға жылжып жатса бізге неге көрсетпейді?», — дейді марқұмның ұлы Гайырбек САИДОВ.

Тергеумен айналысып жатқан жетісулық полицейлер бұл мәселеге қатысты Жас Алаш тілшісіне түсінік бере алмайтынын жеткізді. Айтуларынша, мұндай ауыр қылмыстарға қатысты мәлімет беру үшін облыс прокурорының рұқсаты керек екен.

«Қылмыстық тергеуге қатысты барлық ақпарат тек прокурордың рұқсатымен жарияланады. Бұл Қылмыстық — процессуалдық кодекстің 201-бабында жазылған. Талап сондай. Менің еркімде болса сұқбатты өзім-ақ берер едім», -дейді облыстық прокуратура қызметінің өкілі Данияр МУХИЯЕВ.

Фотолар: sputniknews.kz және автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.