7 ақпан таңғы сағат алтыда Батыс Қазақстан облысы Бұрлы ауданы Ақсай қаласындағы KKS-SICIM компаниясының жүздеген жұмысшысы наразылық білдірді. Олар өздерінің айлығы мен жұмыс жағдайына көңілдері толмайтынын айтқан.

— Біз вахталық әдіспен жұмыс істейміз. 28 күн жұмыстамыз, 14 күн демаламыз. Жаңғала ауданынан осы Ақсайға 400 шақырым жерден келіп жұмыс істеймін. Бетондаушымын және айлығым — 160 мың теңге. Табысым отбасыма мүлдем жетпейді, — дейді есімін атағысы келмеген жұмысшылардың бірі.

Компанияның атқарушы директоры Алтын Кулбаева Азаттыққа наразылықтың болғанын растады. Оның сөзінше, үш сағатқа созылған наразылықтан кейін екі жақ ортақ мәмлеге келген.

— Наразылық білдірген жұмысшылар айлығы мен жұмысына қатысты бұған дейін арызданған жоқ еді. Неліктен бұлай аяқастынан шыққанын білмеймін. Жиналғандар 160-250 мың теңге айлық алады. Әр жұмысшымен жеке сөйлесіп айлығын көтеретін болып келістік. Жалақы қанша пайызға өсетінін айта алмаймын, коммерциялық құпия, — деді компания өкілі.

Ал Азатық тілшісімен сөйлескен жұмысшының сөзінше, жұмыс беруші айлықты 50 пайызға дейін  көтеруге уәде берген. Қазір барлық жұмысшы жұмысқа шыққаны хабарланды. 

KKS-SICIM — газ құбырын төсеумен айналысатын және газ шығаратын зауыттардың құрылысын салатын компания. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.