Қырғызстан өз территориясында тағы бір ресейлік әскери база ашу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы 7 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында елдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев айтты. 

Сағынбаевтың айтуынша, Мәскеу мен Бішкек екінші әскери база ашу мәселесіне болашақта қайта оралуы мүмкін. 

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 4 ақпанда Қырғызстанға сапарында егер Бішкек тарапынан қызығушылық болса Мәскеу екінші әскери база ашу мәселесін талқылауға дайын екенін айтқан. 

Қырғызстанның Шу облысы Кант қаласында Ресейдің әуе базасы бар. 2003 жылғы қыркүйекте Ресей мен Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында Кант әуе базасында авиабөлімшелер орналастыру туралы 15 жылға есептелген келісім-шартқа қол қойған. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.