7 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүзеге асу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған.

Отырыста Назарбаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың бірге жұмыс істеу керектігін айтып, қауіпсіздік шараларын алдын-ала жасауды тапсырған.

Заң бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие. 2018 жылы шілдеде Назарбаев қол қойған заңға сай кеңес консультативті-кеңесші органнан конституциялық органға айналаған.

Заң Қауіпсіздік кеңесіне елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету ғана емес, «ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, халықаралық аренада елдің конституциялық құрылымы мен ұлттық мүдделерін қорғау» жауапкершілігін де жүктейді.

Құжатқа сай, Қауіпсіздік кеңесінің құрамын президент кеңес төрағасының келісімімен жасақтайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.