Украина Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қазіргі ел президенті Петр Порошенконы президенттікке өз-өзін ұсынған кандидат етіп тіркеді.

ОСК Порошенкомен бірге 7 ақпанда тағы үш адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Қазір президенттікке үміткерлер саны 41 адамға жетті.

Бұған дейін Украина парламенті Ресей азаматтарына сайлауға бақылаушы болып қатысуға тыйым салған. Бұл шешімді АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер сынаған. Ол ресейліктердің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) миссиясы құрамында жұмыс істей алатынын, ал Киевке өзінің демократиялық институттарына сенім танытуы қажеттігін айтқан. Бұған жауабында Украина сыртқы істер министрлігі бақылаушылар қатарында ресейліктердің болмауы ЕҚЫҰ-ның сайлау барысын қадағалауы сапасына әсер етпейді деп мәлімдеген.

Украинада президент сайлауы 31 наурызға тағайындалған. Әлеуметтік сауалнама деректері бойынша, жұрт президенттікке лайық көретін үміткерлер тізімінің басында шоумен Владимир Зеленский, екінші орында Петр Порошенко, одан кейінгі орында бұрынғы премьер-министр әрі «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко тұр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.