КВН-ші, шоумен  Мейіржан ТӨРЕБАЕВТЫҢ facebook.com әлеуметтік желісінде парламент сенатының төрінде сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды. Бұл туралы Жас Алаш сайты хабарлайды.

КВН-шіні жылдың үздік вайнері деп сенат мінберіне депутат Бірғаным ӘЙТІМОВА шығарды. Мейіржан Төребаев бірден Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫН іздеді. Оның себебін сөз ләмінен бірден аңғартты.

«Қандай ақша бар. Соған орай кино пайда болады. Біз барынша жақсы комедиялар түсіріп жүрміз. Арыстанбек МҰХАМЕДИЯРДЫҢ жоқ болғаны да жақсы болды. Қазір мен бір нәрсе айтамын. Жыл сайын «Қазақфильмге» қыруар қаражат аударылады. 40-50 жоба жыл сайын шығады. Солар қайда? Барлығын жинап қоймаға жинап қояды. Тексеріс келгенде көрсетеді. Күлкілі. Бізге ақша беріңіздерші.Керемет жобалар жасап береміз», — деді сенаторларға қол соқтырып жіберген Мейіржан Төребаев.

Осылайша министірдің аты-жөнін дұрыс білмейтін бұқаралық мәдениеттің өкілі бюджет қаржысына кино түсіруге ықласты.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.