Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен мемлекет күзетінің қорғауына алынған. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Бірақ Песков Януковичтің әзірге ешқандай заңды статусы жоқ екенін хабарлады. 

Песков Януковичті нақты қандай орган күзететінін ашып айтпады. Президент баспасөз хатшысының сөзінше, Путиннің үкімі Янукович Ресейге «мемлекет басшысы ретінде» келген кезінде-ақ күшіне енген.

Бұған дейін Украина соты елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичті «мемлекетке опасыздық жасап, басқыншылық соғыс жүргізуге жәрдем берді» деп танып, сырттай 13 жылға соттаған. 

Янукович 2010-2014 жылдары Украина президенті болған. 2014 жылы елдегі саяси дағдарыс кезінде Жоғарғы рада шешімімен биліктен шеттетілген. Кейін ресейлік әскерилердің көмегімен осы елге қашып кеткен. Қазір Ресейде тұрып жатыр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.