Фристайлдан АҚШ-тың Юта штатында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева могул жаттығуы бойынша алтын жүлде алды. 

Ол финалда 79,14 ұпай жинады. Күмісті австралиялық Энтони Джакара (78,99), қоланы 2018 жылғы қысқы олимпиада чемпионы франциялық Лаффон Перрин (78,70) иеленді. 

Галышева — 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы олимпиадада қола медаль алған. 2011 және 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы.

Ерлер арасындағы жарыста Павел Колмаков 12-орынмен шектелді. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.